Неймар "Реалдан" аптасына миллион евро төле деп талап етті

Бразилияның таланты төрт жыл "Барселона" сапында ойнаған.
Францияның "Пари Сен-Жерменінде" жүрген Неймар "Реалға" қандай жағдайда ауысатынын айтты. Бұл туралы AS.com-ға сілтеме берген vesti.kz жазады.
Дереккөздің ақпаратынша, бразилиялық футболшы "корольдік клубтан" аптасына 1,3 миллион евро айлық талап етті. Ал ПСЖ-да 27 жастағы шабуылшы аптасына шамамен 700 мың евро алып отыр.
"Реал" болса, Неймардың сұрағанын беру үшін Гарет Бэйлден құтылмақ, деген ақпарат жүр.
Неймар 2013 – 2017 жылдары "Реалдың" қас жауы "Барселона" сапында ойнаған. Ойыншы каталониялық клубтан "ПСЖ"-ға рекордтық 222 миллион евроға ауысқан.
2018/19 маусымда Неймар "ПСЖ" сапында 28 матч өткізіп, 23 доп соқты, 13 нәтижелі пас берді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript