АҚШ-тың Қытайға қарсы санкциясын пайдалануымызға болады - Назарбаев
news-front.info
Елбасының айтуынша, АҚШ-тың Қытайға қарсы қойылған санкциясын өзімізге ұтымды пайдаланып, оларға өзіміздің тауарды ұсынуды бастау қажет.
Еуразиялық Жоғары экономикалық кеңестің мерейтойлық отырысында құрметті төраға, Елбасы және ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЕЖЭК мемлекеттері жаңа сауда нарықтарын жаулап алу үшін жаңа стратегия жасау қажет екендігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
- Қазіргі сауда соғысы жағдайында жаңа нарықтарды жаулау үшін бізге жаңа стратегия ойлап табу қажеті, - деді Елбасы.
Назарбаев мұндай жағдайда санкцияларды ұтымды пайдалануға болатынын атап өтті.
- Мысал ретінде алатын болсақ, қазіргі таңда АҚШ пен Қытай арасындағы санкциялар - олардың арасында Америкадан Қытайға, Қытайдан Америкаға жеткізілетін тауарлар үзіліп отыр. Неге осы орынды пайдаланып, оларға өзіміздің тауарларды ұсынбасқа? Біз де мұны ұтымды пайдалана аламыз, - деді ол.
Осыған байланысты Елбасы "осы және басқа да бастамаларды есепке ала отырып" 2025 жылға дейінгі Жол картасын жасауды ұсынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript