Жаңалықтар тізбегі
0

Байбек Қалқаманда қайта жөндеуден өткен аулалардың тұрғындарымен кездесті

Алматы қаласы әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2019 22:11 Алматы қаласы әкімдігі
Ол Наурызбай ауданындағы абаттандыру жұмыстарының қарқынын тексерді.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Наурызбай ауданында әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй салудың, жол жөндеу мен аулаларды абаттандырудың қарқынын тексерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Қалаға қосылған ауданда соңғы бірнеше жылда заманауи әкімшілік-іскерлік орталық бой көтерді, 252 көшеге асфальт төселді, 200 км су құбырлары мен кәріз желілері тартылды. Бірнеше мектеп пен 76 жеке балабақша ашылды. 4 емхана мен жедел медициналық көмек станциясы пайдалануға берілді, - деп жазды Бауыржан Байбек өзінің Instagram парақшасында.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2019 22:11

Биылғы жылы жаңа аулалардың үлесі 87%-ке дейін жетпек. Жолдарға орташа жөндеу жүргізу, арықтар салу, сыртқы жарықтандыру және Таужолы, Құрамыс, Жайлау ықшам аудандарын сумен қамту үшін жаңа желілер тарту жоспарланған. 15 мың пәтерлiк 229 үй салынуда. 1200 орынға шақталған мектептің, жаңа гүл бағының және 200 бірлікке арналған автобус паркінің жобасы әзірленуде. Жеке инвестициялар тарта отырып трикотаж фабрикасын, ойын-сауық сауда кешенін және тағы басқа нысандар салу жоспарланған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Наурызбай ауданында әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй салудың, жол жөндеу мен аулаларды абаттандырудың қарқынын тексердім. ⠀ Қалаға қосылған ауданда соңғы бірнеше жылда заманауи әкімшілік-іскерлік орталық бой көтерді, 252 көшеге асфальт төселді, 200 км су құбырлары мен кәріз желілері тартылды. Бірнеше мектеп пен 76 жеке балабақша ашылды. 4 емхана мен жедел медициналық көмек станциясы пайдалануға берілді. ⠀ Биылғы жылы жаңа аулалардың үлесі 87%-ке дейін жетпек. Жолдарға орташа жөндеу жүргізу, арықтар салу, сыртқы жарықтандыру және Таужолы, Құрамыс, Жайлау ықшам аудандарын сумен қамту үшін жаңа желілер тарту жоспарланған. 15 мың пәтерлiк 229 үй салынуда. 1200 орынға шақталған мектептің, жаңа гүл бағының және 200 бірлікке арналған автобус паркінің жобасы әзірленуде. Жеке инвестициялар тарта отырып трикотаж фабрикасын, ойын-сауық сауда кешенін және тағы басқа нысандар салу жоспарланған. ⠀ Жұмыс сапары кезінде Сәбденов көшесінің ұзындығы 1,7 км болатын жөнделетін бөлігін қарап шықтым. Жоба бойынша мұнда орташа жөндеу жүргізіледі, жаяу жүргінші аймағы, спорт және балалар алаңдары пайда болады, арық желісі тартылады. ⠀ Жұмысты жеделдетуді және тиісті түзетулер енгізуді тапсырдым. ⠀ «Қала адамдар үшін» қағидасы тек қырлы кеспе тас төсеудi ғана емес, ең бастысы, ыңғайлы кеңістік, жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуді көздейді. Тек қоршаулары бар, ағаштары жоқ мына аумақта жаяу жүргіншіге кедергі келтіретін бағаналарды, қоршаулар мен түрлі конструкцияларды алып тастауды тапсырдым.

Публикация от Бауыржан Байбек (@baibekbk)

Жұмыс сапары кезінде ол Сәбденов көшесінің ұзындығы 1,7 км болатын жөнделетін бөлігін қарап шықты. Жоба бойынша мұнда орташа жөндеу жүргізіледі, жаяу жүргінші аймағы, спорт және балалар алаңдары пайда болады, арық желісі тартылады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2019 22:11

Шаһар басшысы жұмысты жеделдетуді және тиісті түзетулер енгізуді тапсырды.

"Қала адамдар үшін" қағидасы тек қырлы кеспе тас төсеудi ғана емес, ең бастысы, ыңғайлы кеңістік, жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуді көздейді. Сонымен қатар, Бауыржан Байбек тек қоршаулары бар, ағаштары жоқ аумақта жаяу жүргіншіге кедергі келтіретін бағаналарды, қоршаулар мен түрлі конструкцияларды алып тастауды тапсырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: