Орыс тілінде Нұр-Сұлтан атауы септеле ме

astana.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2019 23:42 astana.gov.kz
"Қала" сөзінсіз қолданылатын шет тіліндегі географиялық атаулар дауыссыз дыбысқа аяқталған жағдайда септеледі.

Елорда атауын орыс тілінде қолдануда біртектіліктің болмауына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі арнайы хабарлама жасады, деп хабарлайды Zakon.kz Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап

Орыс тілінің нормаларына сәйкес, "қала" сөзінсіз қолданылатын шет тіліндегі географиялық атаулар дауыссыз дыбысқа аяқталған жағдайда септеледі. Мәселен, "население Нур-Султана, подъехал к Нур-Султану, горжусь Нур-Султаном, живу в Нур-Султане".

Сонымен қатар, егер жоғарыда аталған атаулар «город» жалпы сөзіне қосымша ретінде қолданылған жағдайда септелмейді: в городе Луисвилл, близ города Мобеж, за городом Санта-Крус. Дегенмен, бұл ереже орыс тіліне бұрыннан еніп кеткен және орыс тілімен меңгерілген шет тілді атаулар, соның ішінде "Нұр-Сұлтан"-ға да қатысты қолданылмайды: в городе Нур-Султане, за городом Нур-Султаном (по аналогии с: в городе Нью-Йорке, возле города Буэнос-Айреса, к городу Лос-Анджелесу и т.п.).

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабы 3-1-тармағында елорда атауының өзгермелі нысаны қолданылды: "В пределах города Нур-Султана…". Осылайша, елорданың атауы, "город" деген сөзбен бірге қолданылғанда да, онсыз да, септеледі: в Нур-Султане, возле города Нур-Султана.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: