Астананың сайлау учаскелерінде Головкиннің жекпе-жегі көрсетіледі

sport.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2019 18:16 sport.inform.kz
Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Ерлан Каналимов айтты.

Нұр-Сұлтан уақытымен 9 маусымда өтетін Геннадий Головкин мен Стив Роллс арасындағы жекпе-жек астанадағы барлық сайлау учаскелерінде көрсетіледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Ерлан Каналимов айтты, деп хабарлайды Zakon.kz BNews.kz тілшісіне сілтеме жасап.

- Бәріміз көптен күтіп жүрген Геннадий Головкиннің жекпе-жегі таңғы 7:00-ден бастап 10:00-ге дейін өтетінін ескеріп, біз барлық учаскелерде дауыс беру залынан бөлек бөлмелер ұйымдастырып, онда азаматтар үшін жекпе-жектің тікелей эфирін ұйымдастырамыз, - деді Ерлан Каналимов.

Ол Нұр-Сұлтан әкімінің шешімімен 9 маусым күні қалада қоғамдық көліктерде жол жүру тегін болатынын да еске салды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: