Армениялық нөмірлі көліктерді тоқтатыңдар деген командир қызметінен айырылды

drive2.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2019 20:50 drive2.ru
Телефон арқылы болған бұл әңгіменің жазбасы желіге тарап кеткен болатын.

Нұр-Сұлтанда Жол-патруль полициясы полкі командирінің міндетін атқарған кісі қызметінен босатылды. Ол қала көшелерінде армениялық нөмірмен жүрген автокөліктерге хаттама толтыруды талап еткен болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

– Егер армян көліктеріне хаттамалар толтырылмаса, ертең барлық взвод командирлері, рота командирлері маған түсініктеме әкелетін болады.. – дейді жазбада ер адамның дауысы.

Оқиға бойынша тексеру жүргізілді.

– Нұр-Сұлтанның Полиция департаменті аудиожазбаны тексере келе, әдептік комиссия шешімімен Жергілікті полиция қызметі басқармасының Жол-патруль полициясында полк командирі міндетін атқарушыны қызметінен босатты, – деп хабарлады астаналық ПД баспасөз қызметі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: