Сайлау күні кейбір учаскелер таңғы 6-да ашылады

Ондай учаскелер саны 48, ондағы уақыттың ауысуы сол учаскелердің тізіміне енгізілген азаматтардың жұмысымен байланысты.
ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров саулау күні сайлау уческелерінің жұмыс тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
- "Сайлау туралы" Конституциялық заңмен бекітілгендей, дауыс беру уақыты не стандартты болады: 7:00-ден 20:00-ге дейін, не учаскелік сайлау комиссиялары мен тиісті әкімдіктердің ұсынуымен жергілікті сайлау комиссиясымен өзгертіле алады. Бірақ заңда дауыс беру таңғы 6:00-ден ерте бастала алмайды және 22:00-ден кешіктірілмейді делінеді.
Оның сөзінше, ел бойынша 48 сайлау учаскесі жергілікті уақыт бойынша таңғы 7:00-де емес, 6:00-де ашылатын болып бекітілді.
– Бұл өзгеріс сол учаскелердің тізіміне енгізілген азаматтардың жұмысымен байланысты. Сонымен қатар 555 сайлау учаскесінде дауыс беру тізімге қосылған барлық азаматтар дауыс беріп болған кезде аяқталатын болып бекітілді, – деді Петров.
Бұл норма уақытша орындарда жүргендер үшін: әскери бөлімшелер, демалыс үйлері, санаторийлер, емдеу мекемелері, тергеу абақтылары.
- Сондай-ақ шалғай жерлерде мал шаруашылығымен айналысатын, қатынауы қиын жерлердегі, вахталық жерлерде осындай учаскелер бекітілді. Осылайша, Қазақстан мен оның сыртындағы 9 мың 968 сайлау учаскелерінің 48-інде дауыс беру жергілікті уақытпен таңғы 6:00-де басталады, ал 555-і тізімдегілерінің бәрі дауыс беріп болған кезде жабылады, – деді ол.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript