Евро-2020 іріктеу матчтары алдында Қазақстан құрамасында өзгеріс жасалды

ҚФФ, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2019 14:14 ҚФФ
Азулы Бельгия құрамасы ФИФА рейтингінде көш бастап келеді.


Футболдан Қазақстан құрамасынан қостанайлық "Тобылдың" жартылай қорғаушысы Азат Нұрғалиев пен "Астана" қорғаушысы Дмитрий Шомко кетіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚФФ-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл екі ойыншы жарақатына байланысты Евро-2020 чемпионатының іріктеуі аясындағы Бельгия және Сан-Мариноға қарсы өтетін алдағы ойындарға қатыса алмайды. Олардың орнына шымкенттік "Ордабасының" жартылай қорғаушысы Тимур Досмағамбетов пен "Қайраттың" қорғаушысы Гафуржан Сүйімбаев келді.

Бельгия – Қазақстан ойыны маусымның 8-інен 9-ына—қараған түні Нұр-Сұлтан ауықытымен сағат 00:45-те Брюссельде басталады.

Ал 11 маусымда «Астана Аренада» Михал Билек шәкірттері Сан-Марино құрамасын қабылдайды. Бұл кездесу сағат 20:00-де басталады.

Айта кетсек, Бельгия құрамасы ФИФА рейтингінде көш бастап келеді, ал Сан-Марино рейтингтің соңында, 211-ші орында келеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: