Жаңалықтар тізбегі
0

Жұрт мешіт жағалап кетпегенде митингтің көкесі болар еді – блогер

petropavl.sko.gov.kz/, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2019 15:26 petropavl.sko.gov.kz/
Қоғамдағы протестік күштердің бір бөлігнің мешіт жағалап кеткені шындық.

Билік мешіттерге рақмет айтсын: қазақтың талай жастарын митингке шығармай отырған солар, дейді facebook-тегі белсенді журналист Жолымбет Мәкіш, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жастардың жаппай мешіт жағалап кетіп жатқаны дұрыс емес. Бұл өте қауіпті құбылыс. Дүмшеленудің басы. Ешбір адам мешітке иманы тасыған соң бармайды. Олар мешітке тұрмысын оңалту үшін барады. Егер биліктегілер солардың Алладан сұрағанын тауып бере алса, мешітке баратын адам таппай қалатын едің", деген сыңайда пост жазған "бір ағасына" жауап берген Жолымбет Мәкіш мешіт жағалаған адамның жаман болмайтынын айтып тастапты.

Қайта адамдардың мешітке барып жатқанына билік те, имамдар да қуануы керек, дейді ол:

– Аға, қазір заман басқа ғой. Қоғамда діни ренессанс басталды. Жұрт жоғалтқанын іздеп жатыр. Мешітке көбі тұрмысын түзеу үшін емес, иманын түгендеп, дінге бет бұрғаннан кейін бара бастады. Оған дүмшеленудің басы деп баға берген дұрыс емес шығар. Қоғамдағы арсыздықтан, дінсіздіктен жалығып, мешітке құдайды іздеп, жанына тыныштық іздеп келіп жатқандар да көп. Сосын, адамдардың мешітке барып жатқанына билік те, имамдар да қуануы керек сияқты қайта. Бұларда да ішкі протест бар. Адам сәждеге бостан-босқа жығыла салмайды ғой. Бірақ бұлар енді қайтып ешқашан билікке қарсы шықпайды. Егер қоғамдағы протестік күштердің бір бөлігі дәл өстіп мешіт жағалап кетпесе, олар қазір көшеде митинг жасап шулатып жүретін еді. Біржақты баға бермей, бұл мәселеге әртүрлі ракурстан қараған да дұрыс қой. Мешіт жағалаған адамның жаман болғанын көрген жоқпын осы уақытқа дейін, – делінеді журналистің жазбасында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: