Бар мейірім балаларға – ҚР ҰҚК Академиясы ерекше шара өткізді

ҚР ҰҚК Академиясы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2019 15:07 ҚР ҰҚК Академиясы
Бұл шара балаларды отансүйгіштік пен патриоттық сезімге баулу мақсатында ұйымдастырылды.

2019 жылдың 24 мамыры күні ҚР ҰҚК Академиясының ұйымдастыруымен "1-маусым халықаралық балаларды қорғау күні" қарсаңында Алматы қаласының әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына арналған №10 мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне "Бар мейірім балаларға" атты мерекелік кеші ұйымдастырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шарада концерттік бағдарлама, өлең шумақтарын оқу, ойындар, бейненроликтер, театралдық көрініс ұйымдастыру және барлық 200-ден астам мектеп-интернат оқушыларына сый-сияпаттар беріп, қазақ халқының балаларға деген мейірімі ерекше екенін көрсете отырып, олардың бір-біріне және мұғалімдері мен тәрбишелеріне деген құрметі мен сыйластықтарын арттыру, және де отансүйгіштік пен патриоттық сезімге баулу мақсатында ұйымдастырылды.

ҚР ҰҚК Академиясының курсенттары мен тыңдаушыларын №10 мектеп-интернатының аумағына келген сәттен бастап интернат қызметкерлері мен балалар жылы шыраймен қуана қарсы алды.

Бекітілген жоспар бойынша, мектеп-интернат оқушылары жас ерекшелігіне байланысты екі аудиторияға бөлінді№ бірінші аудиторияға 6-9 сыныптар аралығындағы оқушылар жинақталды. Олардың жағдайы сұралып, патриотизм жайлы мазмұнды сұхбат жүргізілді. Сұхбат барысында балалардың бойында елге деген сүйіспеншілік қасиетінің оянғаны байқалды. Сұхбаттан соң оқушыларға білім алу жөнінде терең ой қалдыратын бейнеролик көрсетіліп, курсанттар тарапынан ұйымдастырылған ойын-сауықпен жалғасты. Ойын балалардың қамқорлық, мейірімділік сезімдерін оятуға бағытталған. Ойын соңында сыйлықтар таратылып, жылы лебізбен қоштасу жүргізілді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2019 15:07

Екінші аудиторияда жас бүлдіршіндер жиналып, кездесу жылы сәлемдесуден басталды. Курсанттар тарапынан көңіл-күйді көтеретін қысқа концерттік бағдарлама қойылды. Концерттік бағдарламадан соң мектеп-интернет оқушыларының қатысуымен бірнеше қызықты, серпінді ойындар ұйымдастырылды. Әрбір қатысушыға сыйлық беріліп, балалардың бойында жүрек жылуы оятылды.

Сонымен қатар, ҚР ҰҚК Академиясының кадрлар басқармасының тарапынан қуыршақ театры шақырылып, жарты сағаттық қойылым ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға қатысқан оқушыларға әдеттегідей толығымен түрлі сыйлықтар сыйланып, оған қоса жемістер таратылды. Оқушылар шаттық пен бақытты сезімде бізбен жылы лебізбен қоштасып, ризашылықтарын білдірді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2019 15:07

Шараның соңында мектеп-интернат басшылары 25 маусым – соңғы қоңырауды өткізуіне байланысты, мектеп-интернаттың аумағын мерекелік ресімдеуге өтініш білдіргеніне байланысты түрлі-түсті мерекелік шарлар мен ленталармен қамтамасыз етілді.

№10 мектеп-интернатының әкімшілігі осындай танымдық кездесу өткізгені үшін ҚР ҰҚК Академиясының басшыларына және курсанттарына алғыстарын білдірді.

Жоспар бойынша балалардың бойында мейірімділік, қамқорлық жанашырлық, және ең бастысы – патриоттық сезім тәрбиелеу және жас бүлдіршіндерге шаттық сыйлау толығымен жүзеге асырылды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2019 15:07

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: