Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Instagram/tokayev_online, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2019 15:12 Instagram/tokayev_online
Аталған мейрам қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіреді.

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құттықтау сөз Ақорданың сайтында жарияланды.

"Құрметті отандастар!

Барша мұсылман қауымын Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Адамгершілікке, мейірім мен қайырымдылыққа үндейтін қасиетті Рамазан айының аяқталуы – күллі мұсылман үмбеті үшін маңызды мереке.

Ораза айт күндері әр мұсылман туған-туыстары мен бауырларына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, өзінің рухани дамуына зор мән береді.

Ізгі ойлар мен игі істер өзара түсіністік пен келісімге бастайды, адамдарды ортақ мақсат-мүддеге жетелейді.

Қазақстан – бейбіт өмір мен жасампаздықтың мекені. Өзге діни сенімдерге құрмет, толеранттылық пен адамгершілік құндылықтар – халқымызға тән игі қасиеттер.

Ислам ілімі Отанға деген сүйіспеншілік пен ұлттық дәстүрге берік қоғамымыздың рухани жаңғыру идеясына толық сай келеді.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Әр шаңыраққа бақ-береке тілеймін!

Ораза айт құтты болсын!", - делінген мемлекет басшысының құттықтауында.

5 маусым күні Қазақстанда қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін Ораза айт (Ураза байрам, Ид аль-фитр) мейрамы аталып өтіледі. Ол үш күнге созылады. Бұл күні мұсылмандар мешітте жиналып жамағатпен айт намазын оқиды.

"Айт" сөзі – "мерекелеу", "хал сұрасу", "бір-бірін қуанту", "қуанышқа топталу", "қарымта" деген мағыналарды білдіреді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: