Нығматулин Өзбекстанға ресми сапармен барды
Ж. Құспанов
Сапар барысында Мәжіліс Төрағасы Өзбекстанның бірқатар билік өкілдерімен кездеседі.
Бүгін, 6 маусым, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Өзбекстан Республикасына ресми сапармен барды, деп хабарлайды Zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап,
Сапар барысында Мәжіліс Төрағасының Өзбекстанның Олий Мажлисі Заӊ шығару палатасының Спикері Нурдинжон Исмоилов пен Сенат Төрағасы Нигматилла Юлдашевпен келіссөздер жүргізуі жоспарланған.
Сондай-ақ, Нұрлан Нығматулиннің Өзбекстанның Министрлер кабинеті жанындағы Шетелдік елдермен этнос аралық және достық қарым-қатынастар комитетінде бірқатар кездесулері және Өзбекстандағы қазақ ұлттық орталығына баруы күтілуде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript