Жаңалықтар тізбегі
0

Алдағы мереке күндері Семей қаласында 100-ден астам іс-шара өтеді

Семей қаласының ақпараттық орталығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2019 20:55 Семей қаласының ақпараттық орталығы
9 мамыр күні іс-шаралар өз жалғасын таппақ.

Семейде Отан Қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңіс Күніне байланысты 100-ден астам іс-шара өтеді. Бұл туралы баспасөз мәслихатында қала әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев мәлімдеді.

- Біздің қала Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс Күнін атап өтуге белсенді дайындық жүргізіп жатыр. Осы күндері жоспарланған іс-шаралар саны 100-ден асады. Мереке еңбек ұжымдарында, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, сондай-ақ мәдениет мекемелерінде аталып өтіп, негізгі іс - шаралар орталық алаңда және Жеңіс саябағында өтеді, - деді А. Садырбаев.

7 мамыр күні сағат 11.00-де қала көшелері бойынша каратэшілер марафоны ұйымдастырылады. Бұл акцияға 600 каратэші қатысады деп жоспарлануда. Сағат 16.00-де орталық алаңда "Шығыс" өңірлік әскері және қала жастарының қатысуымен "Вен балы" өтеді .

- 8 мамырда Streer Workout бойынша қала әкімінің кубогы сарапқа салынады, - деді қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Есенжолов. - Бұл Семейде белсенді дамып келе жатқан спорт түрі. Өздеріңіз білетіндей, қалада 20-дан астам спорт алаңы бар. Сондықтан Отан қорғаушылар күніне орай аталған спорт түрінен жарыс өткізуді жөн көрдік.

9 мамыр күні іс-шаралар өз жалғасын таппақ. Орталық алаңнан Жеңіс саябағына дәстүрлі "Мәңгілік полк" шеруі өтеді. Жиын сағат 9.00-де басталып, 10.00-де Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді. Сағат 20.00-де орталық алаңда концерт өтіп, қала тұрғындары мерекелік отшашуды тамашлайтын болады.

Баспасөз конференциясында Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайының директоры Татьяна Стромская және көркемдік студия жетекшісі Ольга Неудачина журналистерге жас шәкірттерінің халықаралық "Global Canvas – 2019" сайысында жүлделі 2 орын алғанымен бөлісті. Сонымен қатар Достоевский атындағы драма театрының директоры Яков Горельников өнер ұжымының Санкт-Петербургке сапары туралы айтып берді . Айта кетейік, Семей актерлері ТМД және Балтық елдерінің Ресейдегі кездесулер" XXI Халықаралық театр фестивалінде "тамаша өнер көрсетіп, театр сыншыларының жоғары бағасына ие болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: