Қазақстанда АЭС салуға тендер жарияланған жоқ

Википедия, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2019 23:08 Википедия
Дәл қазір Қазақстанда АЭС құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жұмыстары жүргізіліп отырған жоқ.

Энергетика министрлігінің ресми өкілі Нұрлыбек Жеңісбек Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша тендер өткізілген жоқ деп сендірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол оңтүстік корейлік БАҚ-тарда жарияланған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

– Дәл қазір Қазақстанда АЭС құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жұмыстары жүргізіліп отырған жоқ. АЭС құрылысы бойынша халықаралық тендер өтіп жатқан жоқ. Онда тендер өткізетін жоспар да жоқ. Елдің энергетика секторын дамытуға қатысты кез-келген шешім ҚР заңдарын қатаң сақтау және халықтың пікірімен санасу арқылы қабылданатынын нық сеніммен мәлімдейміз. Бұл туралы 26 сәуірде Семейде қоғам өкілдерімен кездесу өткізген президент Қасым-Жомарт Тоқаев та айтқан болатын, – деді Жеңісбек.

Бұған дейін кейбір ақпарат құралдарында Оңтүстік Кореяның Korea Hydro & Nuclear Power (KHNP) мемлекеттік корпорациясы 29 мамырда Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша тендерге қатысуға өтініш берді деген ақпарат тараған.

3 сәуірде Кремьде өткен Қазақстан мен Ресей президенттерінің кездесуінде Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанда АЭС салу жөнінде ұсыныс жасаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: