Жұма күні еліміздің басым бөлігінде нөсер жауын болады

pexels.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2019 16:13 pexels.com
Республиканың кей аймақтарында найзағай, жел күшейіп, шаңды дауыл, екпіні қатты дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстіктің кей жерлерінде тұман түседі.

7 мамыр күні атмосфералық ауа фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК сілтеме жасап.

Жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, тек батыста және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей аймақтарында найзағай, жел күшейіп, шаңды дауыл болып, екпіні қатты дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстіктің кей жерлерінде тұман түседі.

Солтүстк-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, дауыл күтіледі, бұршақ жауы мүмкін, желдің күшейуі түнде кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с. Қостанай облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші түнде кей жерлерінде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с. Қарағанды, Шығыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл, күндіз бұршақ болуы мүмкін, желдің екпіні кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с. Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ болуы мүмкін, жел - 15-20, екпіні 23-28 м/с. Ақмола облысының кей жерлерінде – дауыл, күндіз желдің күшейуі 15-20 м/с, бұршақ болуы ықтимал. Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, түнде Алматы, күндіз Батыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл, жел 15-20 м/с, Қызылорда облысында екпіні 23 м/с күтіледі.

Маңғыстау, Атырау облыстарының күндіз кей жерлерінде қатты ыстық болады деп күтілуде.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: