Жаңалықтар тізбегі
0

Дариға Назарбаева президент сайлауында дауыс берді

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2019 17:47 Zakon.kz
Ол сайлаушылар тізімінде белгіленіп, бюллетен алды сосын дауыс беру үшін кабинаға өтті.

ҚР Парламенті Сенатының спикері Дариға Назарбаева Б. Момышұлы даңғылындағы Оқушылар сарайында орналасқан №58 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайжы Zakon.kz тілшісі.

Назарбаева сайлау учаскесіне сағат 9:55 келді. Ол сайлаушылар тізімінде белгіленіп, бюллетен алды сосын дауыс беру үшін кабинаға өтті. Сайлау учаскесінен шығарда Сенат спикері халықаралық бақылаушы Драгомир Каричпен сөйлесті.

Бүгін Қазақстанда мемлекет прзидентін кезектен тыс сайлау өтіп жатыр. Дауыс беру уақыты сағат 07:00-ден бастап кешкі сағат 20:00 дейін жалғасады.

Қазақстан бойынша сайлау учаскесінің жалпы саны 9 970, оның ішінде 65 учаске 51 шет мемлекетте орналасқан. Шетелдегі ең көп учаске Ресейде ашылды. Қазақстандықтар Ресей Федерациясы мен Мәскеуде (№265 сайлау учаскесі) орналасқан Қазақстан елшілігінде дауыс бере алады, сонымен қатар тағы төрт сайлау учаскесі Астрахань, Қазан, Омск және Санкт-Петербургтегі Қазақстанның бас консулдығы мен консулдықтарында ашылды.

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, ҚР Орталық сайлау комиссиясымен сайлаушылар Реестріне 11 814 019 азамат тіркелген.

Кешкі сағат 20:00 сайлау учаскелері жабылған соң дауыстар саналатын болады. Ол дауыс беру аяқталған соң түнгі сағат 12-ге дейін саналып болуы тиіс.

Еске сала кетейік, президент лауазымына жеті кандидат үміткер болып отыр. Олар:

Коммунистік халықтық партиясы атынан - Жамбыл Ахметбеков;

"Ақ Жол" партиясынан - Дания Еспаева;

"Ұлт тағдыры" ұлттық-патриоттық қозғалысының атынан - Әміржан Қосанов;

"Ауыл" партиясының атынан – Төлеутай Рахымбеков;

Қазақстан Кәсіподақтар федерациясынан – Амангелді Таспихов;

Nur Otan партиясы атынан – Қасым-Жомарт Тоқаев;

"Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігінің атынан Сәдібек Түгел.

Дауыс беру шараларын қазақстандық және халықаралық бақылаушылар қадағалап отыр. ҚР ОСК президент сайлауын қағалауға 1013 бақылаушыны аккредиттеген, оның ішінде 866 бақылаушы 9 халықаралық ұймдардан және 147 бақылаушы 41 шетелден келген.

Бұл сайлаудың бұрынғы жылдардағы электоралды кампаниялардан бірден бір өзгешелігі - тәуелсіз Қазақстанда алғаш рет бюллетендерде мемлекеттің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаеватың аты-жөні болмайды. 2019 жылы 19 наурыз күні ол өз өкілеттігін тоқтататынын жариялаған болатын. Конститутцияға сәйкес, президент міндеті сол уақытта сенат төрағасы қызметін атқарған Қасым-Жомарт Тоқаевқа өтті. 20 наурыз күні Тоқаев ант қабылдады.

Ал 9 сәуір күні Тоқаев халыққа үндеуін жариялап, президент сайлауының кезектен тыс өткізілетінін хабарлады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: