Мойындалмаған мемлекеттер арасында футболдан Еуропа чемпионаты өтті
Таулы Қарабақта мойындалмаған мемлекеттер арасындағы Еуропа чемпионаты өтті, деп хабарлайды Zakon.kz Спорт-Экспресс басылымына сілтеме жасап.
Маусымның 1-і мен 9-ы аралығында өткен турнирдің финалдық ойынын тамашалауға 10 мың адам келді.
Финалда Оңтүстік Осетия мен Батыс Армения құрамасы кездесіп, Оңтүстік Осетия 1:0 есебімен жеңіске жетті. Үшінші орын үшін өткен ойында Абхазия құрамасы Чамерия командасын (оңтүстік Албания мен Грекия шекарасындағы жер) 5:4 есебімен ұтты.
Бұл неғылған турнир?
Мойындалмаған мемлекеттер арасындағы Еуропа чемпионаты 2015 жылдан бері CONIFA конфедерациясының бастамасымен ұйымдастырылып келеді. Қазір конфедерацияға 40 ел мүше, олардың ішінде Абхазия, Тибет, Оңтүстік Осетия, таулы Қарабақ, Закарпатье, ДНР, ЛНР, Приднестровье, тіпті Гренландия бар. Дәл қазір CONIFA рейтингінде Окситания құрамасы көп бастап тұр – Францияның оңтүстігінде, Испания мен мен Италия шекарасындағы аймақ. Биыл турнир Таулы Қарабақта өтіп, оған Окситания құрамасы келмеген екен.
Грузияның территориясындағы Оңтүстік Осетия мемлекетін Грузия мойындамағанымен Ресей мойындап отыр. Ал Батыс Армения – Түркия құрамында кетіп қалған бұрынғы Армения жері.