Тоқаевты БҰҰ-ның Бас хатшысы құттықтады
![Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2019 15:31](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-15e79802-63ef-43fb-be40-890165dce013/800x452.webp)
Антониу Гутерриш Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады.
БҰҰ-ның Бас хатшысы Мемлекет басшысына табыс тілеп, оның жоғары лауазымдағы қызметі Қазақстан халқының ырысы мен бірлігін нығайтуға бағытталатынына сенім білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.
– Сізді Біріккен ұлттар ұйымында тәжірибелі де танымал саяси қайраткер ретінде жақсы білеміз. Өзіңізді досымыз деп санаймыз, – деді Антониу Гутерриш телефон арқылы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Гутерришке құттықтағаны үшін ризашылық білдіріп, Қазақстанның БҰҰ-мен ықпалдастығын одан әрі пәрменді түрде жалғастыруға ниетті екенін айтты.
Сұхбат барысында екіжақты ынтымақтастық пен жаһандық Ұйымның күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript