Митингтер кезінде Интернетті кім өшірді – Бас прокуратураның жауабы

ВладТайм, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2019 20:21 ВладТайм
"Қоғамдық мүдделерді қорғау" деген қызмет бар екен. Төтенше жағдайлар туындағанда байланыс пен желілерді өшіру құқығын бірнеше мемлекеттік органға беріп қойыпты.

Митингтер кезінде Бас прокуратураға байланыс құралдары мен интернеттің бұғатталуы туралы арыз-шағымдар келіп түскен жоқ. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өткен брифингте Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы Сапарбек Нұрпейісов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

– Интернеттің бұғатталуына байланысты. Ия, ондай қаулы бар. Төрт органға белгілі бір өкілеттіктер берілген. Бірақ Бас прокуратураға қатысты айтсам, митинг өткен күндері байланыс құралдары мен интернеттің бұғатталуы туралы арыз-шағымдар келіп түскен жоқ, – деді Нұрпейісов.

Оның сөзінше, табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларда Қазақстанда желілер мен байланысты тоқтату құқығына: Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі мен ҚР Қорғаныс министрлігі ие.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: