Тоқаев Бішкекке кетті
Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен екіжақты кездесулер өткізеді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкек қаласына келді, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ мүше мемлекеттер басшыларының шағын және кеңейтілген құрамда өтетін отырыстарына қатысады. Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылады және қабылданады деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар екіжақты кездесулер, соның ішінде Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, сондай-ақ, Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мұхаммед Ашраф Ғанимен екіжақты кездесулер өткізеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript