Жаңалықтар тізбегі
0

19 маусымнан бастап ақылы жолдарда дифференциалды тариф енгізіледі

newauto.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2019 16:12 newauto.kz
Енді жеңіл автомобильдер үшін жолақысын қолма-қол төлеу 2 есе қымбат болады.

2019 жылғы 19 маусымнан бастап барлық ақылы жолдарда ҚР Инвестициялар және даму министрі бұйрығы мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығына сәйкес, төлем қабылдау пункттерінде өткізу қабілетін арттыру, көлік құралдарының кептелісін болдырмау, көліктердің жедел жүруін қамтамасыз ету және уақытты үнемдеу мақсатында жол жүру ақысына дифференциалды тариф енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz ҚазАвтоЖол баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске салайық: Енді жеңіл автомобильдер үшін жолақысын қолма-қол төлеу 2 есе қымбат болады. Ал, төлем жасаудың төмендегі түрлерін таңдап, алдын-ала ақшаны салып қойсаңыз дифференциалды тарифте көрсетілген соманың жартысын ғана төлейсіз. Жүк көлік құралдары үшін төлем ставкалары өзгеріссіз қалады.

Ақылы жол учаскелерінің бағасы:

• Нұр-Сұлтан- Щучинск (бір бағытта: қолма-қол төлеу – 400 теңге, алдын ала «онлайн» төлеу – 200 теңге)

• Нұр-Сұлтан-Теміртау (бір бағытта: қолма-қол төлеу – 400 теңге, алдын ала «онлайн» төлеу – 200 теңге)

• Алматы – Қапшағай (бір бағытта: қолма-қол төлеу – 200 теңге, алдын ала «онлайн» төлеу – 100 теңге)

• Алматы-Қорғас (бір бағытта: қолма-қол төлеу – 600 теңге, алдын ала «онлайн» төлеу – 300 теңге)

Төлем жасаудың түрлері:

• Payway.kz

• Интернет-банкинг: Kaspi bank, Halyk bank, Сбербанк, Eurasian Bank, Capital Bank, АТФ Банк

• Терминалдар: QIWI, Касса 24, CyberPlat, Tenge, Payway.kz

• Касса 24 электрондық әмияны, QIWI, Wooppay, Salempay

• Телефон теңгерімінен (Beeline *505#; Beeline, Activ, Kcell SMS 5505 форматындағы «жол ақы» «жол жүру» «көліктің мемлекеттік нөмірі»)

• Кazdriver Қосымшасы

• Заңды тұлғалармен шарт жасату

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2019 16:12

Сұрақтар бойынша байланыстар:

Телефондар: 1403, +7 (7172) 64-87-92, +7 (7172) 64-87-85

Пошта: dpad@kazautozhol.kz

Instagram: platnye_dorogi_kz

Telegram: @kazautozholbot

Пайдаланушының жеке кабинеті kaztoll.kz

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: