Жаңалықтар тізбегі
0

Мәжіліс депутаттары да бір күндік жалақысын көмек қорына аударды

Мәжілістің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2019 21:05 Мәжілістің баспасөз қызметі
Осы күндері бүкіл қазақстандықтар, бір ел болып, бір халық болып, Арыс қаласы тұрғындарына қолдан келген көмекті көрсетуде.

26 маусымда Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен жалпы отырыс өтті. Күн тәртібін ашпас бұрын Мәжіліс Төрағасы барлық депутаттық корпустың атынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, төтенше жағдай кезінде зардап шеккендердің тезірек сауығып кетулеріне тілектестік білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Өздеріңізге белгілі, осы күндері бүкіл қазақстандықтар, бір ел болып, бір халық болып, Арыс қаласы тұрғындарына қолдан келген көмекті көрсетуде. Соның ішінде, Мәжіліс депутаттары да бірінші күннен бастап осы оқиғадан тыс қалған жоқ. Депутаттар өздерінің бір күндік жалақысын арнайы көмек көрсету қорына аударды, – деді Палата Спикері.

Сондай-ақ, Мәжіліс Төрағасы кешеден бастап бір топ депутаттардың халықпен кездесуі үшін Арыс қаласына жол жүріп кеткенін айта келіп:

– Баршамыздың ниетіміз осы Арыс қаласының тезірек қалпына келіп, тұрғындар жағдайының тезірек жақсаруы, – деді Н. Нығматулин.

Бүгінгі жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Ресей шекара маңындағы тұрғындардың мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге түзетулерді мақұлдады.

Келісімде Шекара маңындағы аумақтарда тұратын Қазақстан мен Ресей азаматтарының екі елдің мемлекеттік шекарасын кесіп өтуі үшін жарамды құжаттар тізбесіне өзгерістер енгізіліп отыр.

Сонымен қатар, осы күні Палата Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және Кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімге түзетулер енгізу туралы заң жобаларын жұмысқа алды.

Жалпы отырыс соңында халық қалаулылары орталық мемлекеттік атқарушы органдарлың басшыларына бірнеше депутаттық сауалдар жолдады. Олар Н.Микаелян, В.Косарев, Ж.Омарбекова, Б.Ізмұхамбетов, А.Қоңыров.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: