Арыс пен жарылыс туралы өсек таратқан үш адам ұсталды

Матрица.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2019 16:24 Матрица.kz
ҚР Ішкі істер министрлігі Арыс қаласында қайтыс болған адамдардың саны үшеу екендігін ресми түрде растайды.

Шымкент қаласының полиция Департаменті қуатты бомба жарылысы болады деген жалған ақпаратты таратқандары үшін екі әйел адамды ұстады. Ішкі істер органдарымен ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК 247-бабыбының 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы тәуліктер бойынша аталған баппен 3 дерек тіркеліп отыр. Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі тұрғындарды әлеуметтік желілер мен түрлі мессенджерлер арқылы таралатын жалған ақпаратқа сенбеулерін және үрейге бой алдырмауларын сұрайды.

Еске сала кетейік, ресми ақпарат тұрақты түрде арнайы құрылған жедел штаб арқылы таралады.

Сонымен қатар ҚР Ішкі істер министрлігі Арыс қаласында қайтыс болған адамдардың саны үшеу екендігін ресми түрде растайды.

Әлеуметтік желі арқылы қайтыс болған адамдар саны одан да көп деген қауесет ақпараттардың жалған екендігін мәлімдейді. Егер де азаматтар зардап шеккен адамдар туралы қандай да бір қосымша деректерге ие болса, ресми түрде Ішкі істер министрлігіне шағымдануға шақырамыз.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: