Кредиттер мен өсімақыларды кешіруге 105 млрд теңге жұмсалады

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2019 18:27 видеодан кадр
Несиелерді жабуға байланысты барлық процедураларға кемінде екі ай уақыт қажет болады.

Көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың төлей алмай отырған кредиттерін, сондай-ақ кепілсіз кредиттерді кешіру үшін шамамен 105 млрд теңге қажет болады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – Қазақстанның қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

- Кепілсіз тұтынушылық несиелерді өтеу сомасына келсек, шамамен 105 млрд теңге қажет болады. Оның 88,5 млрд теңгесін республикалық бюджеттен бөлеміз, - деді Смайылов.

Шамамен 17 млрд теңге проблемалық кредиттер қорынан арнайы облигациялар шығару арқылы тартылмақ.

- Өсімақылар мен айыппұлдардың 70 пайызы банктердің өз есебінен жабылады, - деп нақтылады министр.

Жалпы алғанда, кредиттік амнистия шамамен 500 мың адамға жасалмақ. Тұтынушылық несиесі бар 250 азаматтың қарызы толықтай кешіріледі.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: