Жаңалықтар тізбегі
0

Бақытжан Сағынтаев Алматы әкімі болды

Atameken Business Channel, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.06.2019 23:32 Atameken Business Channel
Сағынтаев бұған дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі болатын.

Алматы әкімі болып Бақытжан Сағынтаев тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сағынтаев бұған дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі болатын.

Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалсын, делінеді ҚР Президентінің жарлығында.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек басқа жұмысқа ауысуына байланысты Алматы қаласының әкімі қызметінен босатылды.

Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы 1963 жылдың 13 қазанында Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылында туған.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты

Еңбек жолын Алматы халық шаруашылығы институтының саяси экономика кафедрасының оқытушысы болып бастады.

1988-1992 жылдар аралығында С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде жұмыс істеді, әлеуметтану кафедрасында ассистенттен бастап доцентке дейінгі лауазымды атқарды.

1992 жылдан 1998 жылға дейін кәсіпкерлік қызметпен айналысты.

1998 жылы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.

1999 жылдан 2002 жылға дейін Қазақстан Республикасының Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары, "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" ЖАҚ басқармасының төрағасы, Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары.

2002 жылдан 2004 жылға дейін Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.

2004 жылдан 2007 жылға дейін – Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің төрағасы болды.

2007 жылдан 2008 жылға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің басшысы.

2008 жылғы 30 қыркүйекте Павлодар облысының әкімі.

2012 жылдың 20 қаңтарында – Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда министрі.

2012 жылдың 24 қыркүйегінен бастап "Нұр-Отан" ХДП төрағасының бірінші орынбасары.

2013 жылдың 16 қаңтарында Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі болып тағайындалды.

2013 жылдың 6 қарашасында Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Премьер-министрінің Бірінші орынбасары болып тағайындалды.

2016 жылғы 9 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Премьер-министрі болып тағайындалды.

2019 жылдың 21 ақпанында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен отставкаға кетті.

2019 жылдың 1 наурызында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды.

2019 жылдың 24 наурызында ҚР Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылып, ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: