Жаңалықтар тізбегі
0

Кеткен Байбек Алматыда не тындырғанын айтып, Елбасыға алғыс білдірді

instagram, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2019 20:12 instagram
Байбек атқарып тастаған әрбір игі іс – Елбасының зор қолдауымен іске асты.

Құрметті алматылықтар! Өзім туып-өскен Алматыға қызметке келгенім күні кеше ғана секілді еді. Міне, 4 жыл өте шығыпты. Осы кезеңде сүйікті қаламызға аянбай еңбек еттім. Көптеген жобаларды бірлесе іске асырдық, деп жазды Бауыржан Байбек өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Құрметті алматылықтар! Өзім туып-өскен Алматыға қызметке келгенім күні кеше ғана секілді еді. Міне, 4 жыл өте шығыпты. Осы кезеңде сүйікті қаламызға аянбай еңбек еттім. Көптеген жобаларды бірлесе іске асырдық. ⠀ Маған үлкен сенім артып, Алматының әкімі етіп тағайындаған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа алғысым шексіз. Атқарылған әрбір игі іс Елбасының зор қолдауымен іске асты. ⠀ Сондай-ақ, Президент лауазымына кіріскеннен үнемі қолдау білдіріп, Алматыға арнайы келіп, метро және жолайырықтар құрылысының қарқынын үдетуге, қосылған аудандарда инфрақұрылымды дамытуға қолдау көрсеткен, сайлаудан кейін мені қайта тағайындаған Касым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа үлкен алғыс білдіремін. ⠀ Қала әкімі қызметіне кірісе сала «Nur Otan» партиясының басымдықтары негізінде «Алматы-2020» бағдарламасын әзірлеп, оны қоғаммен тікелей талқыладық. Ол ойдағыдай іске асуда. «Қала адамдар үшін» концепциясы аясында бірқатар көшелер жаңғыртылды, өндіріс ошақтары ашылды, экономика өркендеп, ауқымды инвестициялар тартылды. ⠀ Қызметіміздің үлкен бір бағыты ұлттық рухты көтеру болды. Елбасы қолдауымен ЮНЕСКО аясында Алматының 1000 жылдығын атап өтіп,қаламыздың өткенінен сыр шертетін «Алматы музейін» аштық. Осылайша, Алматының мыңжылдықтар бұрын бабалар салған алтын бесік, атажұрт екенін айшықтадық. Ұлттық өнерімізді дәріптейтін халықаралық шаралар ұйымдастырып, бірқатар өнер ордаларын аштық. ⠀ Енді бүгін қарапайым азаматтардың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, өзекті мәселелердікөтеріп келе жатқан, халық пен биліктің арасындағы дәнекер – «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалдым. Ел тарихындағы осынау жауапкершілігі мол тұста сенім артып отырған Елбасыға үлкен алғыс айтамын. ⠀ Халықтың мемлекетке және ертеңгі күнге деген сенімін арттыруға, ел бірлігін нығайтуға, яғни Елбасы бағдарын іске асыруға бағытталған партия саясатын орындауға бар күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз. ⠀ Баршаңызға ықыласымды білдіре отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

Публикация от Бауыржан Байбек (@baibekbk)



Маған үлкен сенім артып, Алматының әкімі етіп тағайындаған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа алғысым шексіз. Атқарылған әрбір игі іс Елбасының зор қолдауымен іске асты.

Сондай-ақ, Президент лауазымына кіріскеннен үнемі қолдау білдіріп, Алматыға арнайы келіп, метро және жолайырықтар құрылысының қарқынын үдетуге, қосылған аудандарда инфрақұрылымды дамытуға қолдау көрсеткен, сайлаудан кейін мені қайта тағайындаған Касым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа үлкен алғыс білдіремін.

Қала әкімі қызметіне кірісе сала "Nur Otan" партиясының басымдықтары негізінде "Алматы-2020" бағдарламасын әзірлеп, оны қоғаммен тікелей талқыладық. Ол ойдағыдай іске асуда. "Қала адамдар үшін" концепциясы аясында бірқатар көшелер жаңғыртылды, өндіріс ошақтары ашылды, экономика өркендеп, ауқымды инвестициялар тартылды.

Қызметіміздің үлкен бір бағыты ұлттық рухты көтеру болды. Елбасы қолдауымен ЮНЕСКО аясында Алматының 1000 жылдығын атап өтіп,қаламыздың өткенінен сыр шертетін "Алматы музейін" аштық. Осылайша, Алматының мыңжылдықтар бұрын бабалар салған алтын бесік, атажұрт екенін айшықтадық. Ұлттық өнерімізді дәріптейтін халықаралық шаралар ұйымдастырып, бірқатар өнер ордаларын аштық.

Енді бүгін қарапайым азаматтардың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, өзекті мәселелердікөтеріп келе жатқан, халық пен биліктің арасындағы дәнекер – "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалдым. Ел тарихындағы осынау жауапкершілігі мол тұста сенім артып отырған Елбасыға үлкен алғыс айтамын.

Халықтың мемлекетке және ертеңгі күнге деген сенімін арттыруға, ел бірлігін нығайтуға, яғни Елбасы бағдарын іске асыруға бағытталған партия саясатын орындауға бар күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз.

Баршаңызға ықыласымды білдіре отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, деді Байбек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: