Жаңалықтар тізбегі
0

Араб компаниясының басшысы қазақстандықтардан кешірім сұрады

Ак Жайык, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2019 21:16 Ак Жайык
Бүгін Теңіздегі жұмысшылар кешенінде жағдай тұрақты.

"Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore" (ССЕР) бас директоры Кауаш Хишам жағдайды реттеу үшін Атырауға келді", деп хабарлайды облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Әлеуметтік желілерде жарияланған видеоүндеуінде Кауаш Хишам Теңіз жұмыс кентіндегі ССЕР компаниясының қызметкерлері арасында шыққан жанжалды ести сала, жағдайды реттеу үшін бірден Атырау облысына ұшып келгенін айтады.

"Сәлеметсіздер ме! Мен Эли Даудтың іс-әрекеті намысына тиген барлық адамнан кешірім сұраймын.

ССС басшылығы мен қызметкерлерінің атынан бұл компания саясатына, құндылықтары мен қағидаттарына сәйкес келмейтін келеңсіз іс екенін мәлімдеймін. Осы оқиға мәлім бола салысымен, ол жұмыстан қуылып, келісімшарты бұзылды. Біз іштей тексеріп жүргізіп, барлығын жіті зерттейтін боламыз, соған сәйкес нақты шаралар да қабылдаймыз. Қолымды жүрегіме қойып тұрып, ССС компаниясы бауырлас халық - қазақтарға ерекше құрметпен қарайтынын айтамын. Болған жайт үшін тағы да кешірім сұраймын.

Осы оқиға туралы естіген бойда дереу Атырауға жағдайды реттеу үшін ұшып шықтым. Бүгінгі таңда Теңіздегі жағдай тұрақты, өлім-жітім, ауыр дене жарақаттары болған жоқ", - дейді Кауаш Хишам өзінің видеоүндеуінде.

Айта кетсек, 29 маусымда Consolidated Contracting Engineering & Procurement компаниясының жұмысшылары жаппай тәртіпсіздік орнатқан. Фирма жұмысшылары жұмыс алаңына жиналып, Ливия азаматы Эли Даудтың желіде жариялаған суретіне өз наразылықтарын білдірген. Ол телефонының WhatsApp-тағы маңдайшасына бір қызбен түскен суретін іліп қойған. Суретте Эли Даудтың қолындағы рацияның ұзын сымы қызға қарап тұрған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: