Астана күні отшашусыз тойланатын болды
Zakon.kz/Максим Золотухин
Биыл елорда күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында шамамен 108 іс-шара өтеді, оның 80-нен астамы тегін. Биылғы бағдарлама әлеуметтік бағыттың басымдылығы және жаппай көрерменге арналғандығымен ерекшеленеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.
Биыл елорда күнін тойлауда отшашу пайдаланылмайды, деп хабарлайды Zakon.kz Нұрсұлтан әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Астана күнін тойлау кезінде қойылған ақылы концерттер мен қойылымдардан түскен ақша қайырымдылыққа жұмсалмақ. Мысалы, концерт ұйымдастырушылары билет сатудан түскен қаржы Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына арналған көмек қорының шотына аударылатынын айтты.
Көзге бірден түсетін іс-шаралар қатарына 29 маусым күні "Астана Арена" стадионында өткен Димаш Құдайбергеннiң "Арнау" атты жеке концертін, аты аңызға айналған мәскеулік "Современник" театрының гастролін, Тұрсынбек Қабатовтың "КТА" жобасы, және тағы басқаларын атап өтуге болады.
Қала күні аясында Есіл өзенінің жағалауында, Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысындағы саябақта, "Хан Шатыр" сауда-ойын-сауық орталығының аумағында болады деп жоспарланған мерекелік отшашуға тыйым салынды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мұндай бастамасын мерекелік салюттардың демеушілері қолдап, арнайы қарастырылған қаржыны Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсету қорына аудармақ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript