Жаңалықтар тізбегі
0

Жетісайдағы жантүршігерлік оқиғаға қатысты сот үкімі шықты

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2019 19:39 Сурет: zakon.kz
Айыпталушы келіншектің жаңадан босанғанына қарамастан сот оған бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Түркістан облысы, Жетісай ауданында өгей қыздарын азаптап, қинаған әйелге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қылмыстық істі жабық жағдайда қараған облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 28 жастағы айыпталушыны 4,5 жылға бас бостандығынан айырды.

Аталған соттың төрағасы Қанатбек Қоңырбаевтың айтуынша, өгей шеше жеткіншектерді азаптау әрекетін бірнеше жыл бойы жасаған.

Ол енді жазаны қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейтін болады. Айыпталушы келіншектің жаңадан босанғанына қарамастан сот осындай үкім кескен. Ал, өгей анасынан әбден зәбір көрген үш қыз бен жаңа туған баласы әкесінің қамқорлығына берілді. Бұдан бөлек, сотталушының екі жасқа толмаған ұлы жергілікті білім бөлімінің қамқорлығына алынды.

"Сәбидің алдағы уақыттағы ісі Жетісай аудандық білім бөлімінің қорғаушы және қамқоршы мекемесінің қарауына берілді. Олар жағдайды жіті қадағалап, шешім шығаратын болады",- дейді Қанатбек Қоңырбаев.

Еске сала кетейік, Жетісай қаласында өгей шеше қыздарына ине тығып, тоңазытқышқа отырғызып азаптағаны белгілі болған еді. Қылмыстық іс қозғалып, әйел қамауға алынды. Айта кетейік, қыздардың денесінен соққы ізін көрген мұғалімдер полицияға хабар берген. Білім және ғылым министрлігі оқиғаны дер кезінде анықтап, алдын алмаған мектеп директоры мен сынып жетекшілері, аудан басшылығы тәртіптік жазаға тартылатынын мәлімдеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: