Ресейде 14 теңізші қайтыс болды, екеуі - Халық қаһарманы
LEV FEDOSEYEV/TASS
Ресейде өрт кезінде 14 теңізші қайтыс болды. Оның екеуі - Халық қаһарманы.
Ресей Қарулы теңіз флотына тиесілі су астында орналасқан ғылыми-зерттеу аппаратында өрт шығып, 14 теңізші-сүңгуір қаза тапты деп хабарлайды Би-би-си.
Мерт болғандардың барлығы офицерлер. Ресейдің ресми дерек көздерінің хабарлауынша, команданың мүшелері батиметрикалық өлшемдер жүргізбек болған уақытта кемеде өрт шыққан. Мерт болғандардың барлығы уланып қалған. Тілсіз жауды команда мүшелері өздері сөндірген.
Қайғылы оқиға 1 шілдеде орын алды. Аппарат Ресей Әскери-теңіз флотының мүддесімен әлем мұхитының түбін зерттеумен айналысқан. Қазір кеме Мурманск облысының Североморск базасына жеткізілді.
Оқиғаның нақты себебін анықтау үшін тергеу ісі басталды. Оны ресейлік әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы Николай Евеменов бақылауға алды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript