Теңіздегі төбелес бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды

Lada.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2019 20:28 Lada.kz
Бірқатар күдікті бар, олардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беріледі.

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Теңіздегі жағдайға байланысты бірнеше қылмыстық іс қозғалғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

– Дене жарақатын салу мен бұзақылық бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды, – деді ол.

Оның сөзінше, әрбір қылмыс құрамы бойынша нақты қатысушылар бар.

– Бір күдікті ұсталды, тағы бірнеше адам күдіктілер тізімінде бар. Әрқайсысының жауапкершілігі қатысуына байланысты анықталады, – деп нақтылады министр.

– Қанша адам жауапқа тартылады?

– Нақты қанша адам екенін әзірге айта алмаймын. Тергеу аяқталған соң айтамын.

– Теңізде полицейлердің араласуымен шетелдіктерді әкетіп жатқан видео жүр. Ол рас па?

– Ешкімді әлі әкеткен жоқ, олар жұмыс істеп жатыр.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: