ҚБТУ-ды қызылға бітірген мұнайшы бала неге құрылысшы боп кетті
Қазақстанда ҚБТУ-ды қызыл дипломмен бітірген мұнайшы балалар да жұмысқа тұра алмайды. Бұл туралы Гүлбану Әбенова Facebook-тегі парақшасында жазды.
"Кеше бір әріптесім мұнай мамандығы бойынша ҚБТУ-да ақылы оқыған туысының баласы жайлы айтып берді. Ол үздікке бітірген екен. Сөйтіп батыстағы мұнай өндіруші барлық компанияның есігін жағалап шығыпты. Басында тегін жұмыс істепті, одан соң жұмысқа алған екен, бірақ одан 2 млн сұрапты. Әрине, жас баланың қолында ондай ақша қайдан болсын? Осылайша ол өз мамандығы бойынша ұзаққа дейін жұмысқа тұра алмапты. Ақыры құрылысшы боп кеткен екен....
Кейіннен бір күні өзімен бірге оқыған жігітті көшеден кездестіріп қалады. Сөйтсе ол Альяскада мұнай компаниясында жұмыс істеп жатқанын айтыпты. "Оны естіп алып, біздің бала да құжаттарын жөнелткен екен ол жаққа. Сол жақсы болды, қазір айына 25 мың доллар жалақы алады", - дейді танысым", делінген жазбада.