Алматы полициясы 6 маусымдағы митингтер туралы ескертті
zakon.kz
Митингке қатысу үшін емес, көшеде жәй жүрген қала тұрғындары байқаусызда ұсталып қалған жағдайда не істеу керек.
Полицейлер алматылықтарды Қазақстанда тыйым салынған экстремистік ДВК қозғалысының рұқсат етілмеген митингтеріне қатыспауға шақырады, деп хабарлайды Zakon.kz.
– Құқық қорғау қызметтері ондай күмәнді шараларға қатыспауға шақырады. Ол шараларға рұқсат берілмеген. Егер көшеге шыққандардың арасында жүрмесе – қарапайым халықтың қауіптенетін жөні жоқ, – деді Алматы Полиция Департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Митингке қатысу үшін емес, көшеде жәй жүрген қала тұрғындары байқаусызда ұсталып қалған жағдайда не істеу керек?
– Адамдар қандай жағдайда ұсталады? Заң талаптарына қайшы, полиция қызметкерлері жүрме, шықпа деген жерлермен әдейі өтетіндер ұсталады. Кездейсоқ адамдар ұсталмайды. Ұсталып жатқан жағдайда, аты-жөні анықталғаннан кейін әрбір жағдайда полиция кешірім сұрап, босатады, – деді Салтанат Әзірбек.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript