Жаңалықтар тізбегі
0

Мектеп директорларынан ақша жинаған әкім орынбасары істі болды

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2019 22:23 pixabay.com
Агенттік тұлғалардың мемлекет ішіндегі іссапарға барғанда қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану мәселесі мен төменгі құрылымдарды тексеру мәселесін бақылауға алды. Бұған облыстық, аудандық, ауылдық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілер арқылы тұрақты түрде түсетін шағымдары негіз болған.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры Арман Бердалин ҰБТ кезінде аудан әкімі орынбасарының Білім және ғылым министрлігінен өңірлерге жіберілген комиссия өкілімен "кездесу ұйымдастырамын" деп мектеп директорларынан ақша жинау фактісінің анықталғанын мәлімдеді деп хабарлайды Baq.kz.

Агенттік тұлғалардың мемлекет ішіндегі іссапарға барғанда қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану мәселесі мен төменгі құрылымдарды тексеру мәселесін бақылауға алды. Бұған облыстық, аудандық, ауылдық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілер арқылы тұрақты түрде түсетін шағымдары негіз болған.

Биыл 20 маусымнан 30 маусымға дейін барлық өңірде ҰБТ өткізіліп, Агенттік өңірлерге Білім және ғылым министрлігінің 169 комиссиясының қызметіне оперативтік қолдау көрсеткен. Әрбір комиссияның құрамына 15 адам кірген. Оның ішінде мұғалімдер, техникалық қызметкерлер, бағдарламашылар және тағы басқасы бар.

"Осы жұмыстың нәтижесінде біз қылмыстық құқық бұзушылық фактілерін анықтадық. Мәселен, Ақтөбе облысында Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары, Қандыағаш қаласы №4 мектебінің директоры Білім және ғылым министрлігінің комиссиясымен кездесулерін ұйымдастыру үшін (тұру, тамақтану, бос уақыт және тағы басқасы) жалпы білім беру және мектепке дейінгі мекемелердің директорларынан ақша жинау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жиналған ақшаның жалпы сомасы 540 мың теңгені құрады", - деп айтты ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: