Жаңалықтар тізбегі
0

Елордада "ДВК" экстремистік ұйымының белсенділері ұсталды

yunews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2019 20:10 yunews.kz
Сараптама қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Полиция департаментінің Тергеу басқармасы адамдардың "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДП) экстремистік ұйымының қызметіне қатысуы фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 405-бабымен қылмыстық істерді тергеп-тексеруді жалғастыруда, деп хабарлайды Zakon.kz Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық іс аясында 9 адамға қатысты бірқатар тінту жүргізу санкцияланып, ол жерден компьютерлер, флешкалар, смартфондар, микрофондар және аэрозольды бояулар алынып қойылды. Соттың санкциясымен үш азамат қамауға алынды, қалғандарына қатысты тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында қоғамдық орындарға парақшалар жапсырып, әлеуметтік желілерде ақпарат тарату арқылы рұқсат етілмеген митингіге шақырған елорданың 7 тұрғыны - М. Мамбетов, А. Онланбекқызы, А. Мустафина, И.А. Горохов, А.К. Нурушева, Е.Б. Есхожин, К. Байнукей анықталып, ұсталды. Олардан компьютер, процессорлар, флешкалар мен смартфондар тәркіленді, олар бойынша сараптама тағайындалды.

Аталған тұлғалар Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 3-бөлігі бойынша (ҚР бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әкімшілік сотталғандарға арналған Арнайы қабылдау орнына қамауға алынды.

Сараптама қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті ҚДТ тіркелмеген экстремистік ұйымының қызметіне тыйым салынғаны, ҚДТ белсенділері ұйымдастырған санкцияланбаған митингілерге қатысқан жағдайда жауапкершілік жөнінде ескертеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: