Жаңалықтар тізбегі
0

Арыс: 55 мыңнан астам тұрғынға 100 мың теңгеден беріледі

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2019 03:44 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бұл – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бақылауында тұрған мәселе.

Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин 2019 жылғы 29 маусымда арыстықтарға 100 мың теңге көлемінде бір реттік өтемақы беру жөнінде тапсырма бергені белгілі, дедi Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бақылауында тұрған мәселе. Осы тапсырмаға сәйкес бірінші кезекте 55 602 тұрғынға (Арыс қаласы – 44 994 адам, Ақдала ауыл округі – 4 324 адам, Қожатоғай ауыл округі – 4 232 адам, Дермене ауыл округі – 2 052 адам) 100 мың теңгеден жалпы 5,6 млрд.теңге көлемінде өтемақы төлеу жоспарланып отыр.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві есебінен 3 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 1 млрд. теңге және арнайы құрылған «Түркістан» әлеуметтік қорына түскен қаржыдан 1,6 млрд. теңге бөлінеді деп күтілуде.

Жергілікті тұрғындардан құжаттарды қысқа мерзімде жинауға Арыс қаласындағы 17 секторда бекітілген тиісті мамандар және аудан, қала әкімдіктерінің қызметкерлері жұмылдырылды. Олар 2019 жылдың 3 шілдесінен бастап өтемақы алуға өтініштер жинақтауда.

2019 жылдың 9 шілдесіндегі сағат 17:00-дегі жинақталған ақпарат бойынша 58 207 тұрғыннан құжаттар жинақталып, жалпы тіркелген тұрғынның 104,7 пайызын құрады.

Аталған бағытта тиісті жұмыстар жалғасып, бекітілген мамандар келмеген тұрғындар бойынша мекенжайларына барып хабарлауда.

Төтенше жағдайдан зардап шеккен арыстықтарға бағытталған бұл төлемақы екі-үш апта көлемінде төленеді деп жоспарланып отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: