Жаңалықтар тізбегі
0

Ұл болып тусам...Баян Алагөзова біртүрлі жазба жариялады

Инстаграм, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2019 21:18 Инстаграм
Жалпы, Баянның осы мағынадағы бұл бірінші жазбасы емес. Алдында ол ұлдардан тұратын "Алау" тобына қатысты жазбасында да еркектерге онша қызығушылығы жоқтығын мойындаған.

Баян Алагөзова шынын айтып, жазба жариялап, өзінің біртүрлі қырын ашып қойды. Сөйтсек оған еркектер емес, әйелдер ұнайды екен. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Өткен өмірімде еркек болған сияқтымын. Иә, дәл солай. Өйткені мен әдемі қыздарды сондай жақсы көремін. Жооо, жоқ, сұлулығын, талантын қызғанбаймын, керісінше сол барын одан сайын дамытып, ашыла түсуіне көмектесемін. Әйел адамның жүріс-тұрысы, денесінің қозғалысы, дауысының тембріне қарап, оның жаратылысының нендей екеніне дейін байқап қоямын. Мүмкін менің қыз болып туғаным жақсы болған шығар, әйтпесе, еркек болсам, осы күнге дейін қаншама сұлудың жүрегін жаралар едім", - деп жазды Алагөзова.

Баянның бұл жазбасы оқырмандар түгілі күйеуі Тұрсын Алагөзовты да ойлантып тастары сөзсіз.

Жалпы, Баянның осы мағынадағы бұл бірінші жазбасы емес. Алдында ол ұлдардан тұратын "Алау" тобына қатысты жазбасында да еркектерге онша қызығушылығы жоқтығын мойындаған.

"Алау" тобымен 3-4 жыл жұмыс істедім. Одан соң арамызды үзу туралы шешім қабылдадым. Өйткені мен кеш болса да ұлдарға қарағанда қыздарға сезімім жақсы ашылатынын ұқтым. Иә, менің ұлдарға деген қызығушылығым жоқ екен" деп жазған ол алдындағы тағы бір жазбасында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: