Клиентінен 33 мың теңге алған тойымсыз таксистке іздеу салынды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2019 20:05 Pixabay
Ол көлік жақын маңдағы ғимараттардағы камераларға түсіп қалуы мүмкін.

Шетел азаматын баратын жеріне жеткізіп, 33 мың теңгесін қағып алған таксисті Алматы халықаралық әуежайының қызметкерлері іздеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Іздеп жатырмыз, видеоларды тексерудеміз. Facebook-тегі пост авторымен сөйлесіп, одан да көмек сұрадық. Ол көлік жақын маңдағы ғимараттардағы камераларға түсіп қалуы мүмкін, - деді Алматы халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы МАА Наталья Соколова.

Алайда әуежайға кіріп-шығатын автокөлік өте көп. Бұдан бұрын Facebook-те Шакир Исламбакиев есімді қолданушы белгісіз таксистің шетел азаматынан 33 мың теңге алғанын хабарлаған болатын.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: