Жаңалықтар тізбегі
0

Талдықорғанда әйелін өлтіріп, жертөлеге тыққан еркек ұсталды

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2019 15:51 видеодан алынды
– Ештеңе айтпай кетіп қалады үйден. Тығылып жүреді. Көзіме де шөп салған. Шарқ ұрып іздеймін, бірақ қайда кеткенін айтпайтын, ақыры осы болды, - дейді марқұмның күйеуі.

Талдықорғанда аула ішіндегі жертөледен 42 жастағы әйелдің денесі табылды. Полицияның мәліметінше, күдікті ретінде марқұмның күйеуі және тағы бір адам ұсталды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Полициялар ұсынған бейнежазбада күдікті барлық айғақ заттар мен мүрденің қайда жатқанын көрсетіп жүр. Қанды оқиға Талдықорғандағы жалға берілген жер үйлердің бірінде болыпты. Кешкі тамаққа үстел басына отырған ерлі-зайыптылар арасында ұрыс-керіс туындап, арты қып-қызыл жанжалға ұласады. Көзіне қан толған отағасы 42 жастағы әйеліне екі рет пышақ сұққан. Марқұм оқиға орнында тіл тартпай кетіпті. Ал ашуға мінген күйеуі істеген ісіне өкінбек түгілі қылмысын жасыруға бел байлайды. Тіпті, сол үшін көмекке досын шақырыпты. Кейін танысы екеуі мәйітті ауладағы жертөлеге түсіріп, сонда жасырған.

– Ештеңе айтпай кетіп қалады үйден. Тығылып жүреді. Көзіме шөп салды. Шарқ ұрып іздеймін, бірақ қайда кеткенін айтпайтын, ақыры осы болды, - дейді марқұмның күйеуі.

- Аталған дерек бойынша Талдықорған қалалық ПБ мен ҚР қылмыстық процестік кодексінің 99 бабы, 1 бөлімімен сотқа дейінге тергеп-тексеру басталды. Қазіргі кезде осы дерек бойынша тиісті сараптамалар дайындалып жатыр. Сараптама қорытындысы дайын болған соң нақты процессуалдық шешім қабылданады, - дейді Талдықорған қалалық полиция басқармасының тергеу бөлімінің тергеушісі Алтай Қасымов.

Бұл отбасының үлкен ұлы бар екен. Бірақ ол ата-анасынан бөлек тұрған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: