Жаңалықтар тізбегі
0

"Славян базарында" Әділхан Димаштың жетістігін қайталап, Гран-Приді қанжығалады

Instagram, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2019 17:03 Instagram
Оның орындауындағы Абай әні – "Көзімнің қарасы" беларусь көрермендерінің әбден есін шығарды.

"Славян базары-2019" халықаралық ән байқауында Гран-При жүлдесі мен 20 мың АҚШ доллар сыйақыны қазақстандық Әділхан Макин қанжығалады. Ол онсыз да екі күн қатарынан ең жоғары көрсеткішті игеріп, оқ бойы озық келген, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Ол сөзсіз жеңді. Барлық жағынан үздік болды. Бұл – таза жеңіс!, - деді қазылар алқасының мүшесі Тамара Гварцателий.

Оның орындауындағы Абай әні – "Көзімнің қарасы" беларусь көрермендерінің әбден есін шығарды.

Айта кетсек, Әділхан 24 жастағы студент, ол Петропавл өңірінің тумасы. Қазір ол Алматыда Жүргенов атындағы Қазақ Өнер академиясында "Эстрада вокалы" мамандығын оқып жатыр. Бір жыл бұрын Әділхан "X-Factor" қазақстандық ән жобасының соңғы кезеңіне дейін жеткен.

Әділханның айтуынша, "Славян базары" байқауына ілігудің өзі оңай емес, ол оған Қазақстанда үш рет ұмтылыс жасап, тек биыл ғана жолы болыпты.

Әнші "Шабыт" халықаралық байқауының (2013 ж.) II-орын иегері, "Қазақстан дауысы" республикалық байқауының жартылай финалисі (2014 ж.), "Жас қанат" республикалық байқауының финалисі (2012 ж.), Alliance Francaise байқауының дипломаты (2012) болған.

Әншінің Абай әні - "Көзімнің қарасын" орындау кезін екінші видеодан 7 минуттан бастап тамашалай аласыздар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: