Жаңалықтар тізбегі
0

"Тыңдай алмаймын...". Танымал әнші өзін Димашпен салыстырып көрді

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2019 18:17 видеодан алынды
Димаштығын мықтылығын мойындайтын Қанат Үмбетов қазақ эстрадасының оның салған жолымен жүруіне түбегейлі қарсы екен.

Көптеген көрерменнің көзайымына айналып, қоңыр үнімен талай қыздың жүрегін баураған әнші Қанат Үмбетов өзінің ән байқауларына неге қатыспайтынын айтты, деп хабарлайды Nursultan Qurman-ның Үoutube-тегі бағдарламасына сілтеме жасап, Zakon.kz.

Оның айтуынша, ол Димаш секілді әнші емес, жәй әнді орындаушы ғана. Дегенмен Тоқтар Серіковтің шәкірті Димаштың әндерін сүйіп тыңдай алмайтынын да жасырмады.

"Мен әнші емеспін. Мен жәй ән орындаушымын. Иә, байқауға барып, көрсететін дауыс жоқ менде. Сондықтан көбіне байқауға қатысудан бас тартамын", - дейді ол.

Сондай-ақ бірнеше хит әннің авторы - Қанат Үмбетов өз-өзін кәсіби деңгейде дамытуға талпыныс жасамайтынын да мойындады. Оған бір жағынан уақыт тапшылығы, тағы бір жағынан көңіл соқпаушылық себеп екен.

- Жалпы, әншілікке келгелі мен вокалға барып көрген емеспін. Бір рет болды. Мойындаймын. Бірақ сөзге келе алмадық. Ол бір шетелдік әншінің әнін сол күйінде маған орындап бер деді. Мен оны орындаудан бас тарттым. Өйткені мен ешкімді қайталағым келмейді. Қай ән жүрегіме сай келеді, даусыма қайсы қолайлы, соны айтамын. Ал өзімнің табиғатыма келмейтін әндерге ешқашан жолаған емеспін. Өз-өзін қинап қою ғой ол, былай айтқанда. Ондайға мен ешқашан бармаймын, - дейді әнші.

Димаштығын мықтылығын мойындайтын Қанат Үмбетов қазақ эстрадасының оның салған жолымен жүруіне түбегейлі қарсы екен.

- Димашқа деген көзқарасым жақсы. Бірақ соның бағытында эстрада дамысын дегенге өз басым қарсымын. Мысалы үшін мен Димаштың концертіне көрермен ретінде барып, оның басынан-аяғына дейін отыра алмайтын едім. Иә, Димаш мықты әнші. Оны әлем мойындап тастаған. Диапазоны қандай? Керемет! Бірақ мен қатты диапазондағы әндерді тыңдай алмаймын. Кім орындаса да. Ол Димаш болсын, басқа шетелдік бір мықты әнші болсын. Барлығы солай ән салсын деген дұрыс емес. Әр адамның талғамы әртүрлі. Сондықтан біз әртүрлі бағытта өз ұсынысымызды алға тартуымыз керек, - дейді ол.

Сұқбатта ашық екенін танытқан Қанат Үмбетов өмір сүру салтында да ешқандай шектеуге мойынұсынбайтынын да ашып айтты.

- Қазір әншілер екіге бөлінеді. Біреуі салауатты өмір салтын сақтайтын, дінге берілгендер, екіншісі қалай болса солай өмір сүретіндер. Мен соның екіншісіне жататын шығармын. Содан кейін де артымнан түрлі алып-қашпа сөздер жүреді. Бірақ мен туралы не сөз шықса да ол маған қызық емес. Адам болғаннан кейін бәрін істеймін, мойындаймын. Бірақ өз орнымен, ешкімге зияны тимейтіндей, - дейді ол.

Айта кетсек, Қайрат Нұртас, Төреғали Төрәлі, Ернар Айдар сынды әншілердің атымен Қанат Үметовтің де есімі қатар айтылады. Ол осы әншілермен деңгейлес, өз көрермені бар қоңыр үнді оңтүстіктің әншісі. Бастысы, ол әнші Тоқтар Серіковтің шәкірті. Бертінге дейін ол әріптесі Қайрат Нұртас секілді отбасылы екенін жасырып келген. Оның орындауында "Сағыныш сазы", "Махаббат мұңсыз болмайды", "Жаным", "Армандайық" сынды әндер бар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: