Адал адам бар екен: байлардың бәрі жаман болмайды
facebook.com
Мынау сөзге өзім де сенбей қалдым. Бірақ рас екен.
Айдын Рахымбаев десе көпшіліктің көз алдына миллиардер адам ғана елестеуі мүмкін. Рас, Айдын Рахымбаев миллиардер. Бірақ оның ұл қыздары ВІ Груп компаниясында қарапайым ғана жұмыс істейді десе, екінің бірі сене қоймайды, деп жазады желіде Бекболат Қаржан.
– Айдын Рахымбаевтың бір ұлы менің досым Аманмен бірге жұмыс істейді. Қарапайым экономист болып қызмет етеді. Ал қызы жұмысшыларға ас беретін асханада жұмыс істеп жүр екен. Аман маған Айдын Рахымбаев кейде отбасымен, әйелімен, ұл-қыздарымен көшелерді құқыстан тазарту жұмыстарын да жүргізіп жүреді дейді. Мынау сөзге өзім де сенбей қалдым. Бірақ рас екен. Қазір ғана оның ұлын өз көзіммен көріп, сөйлеген сөзі мен қарапайымдылығына таң қалдым. Өзіміз сияқты жігіт. Өте ауқатты азамат та ұлы мен қыздарына қатардағы қарапайым ғана қазақтың мінезі мен тәрбиесін бойына сіңіріпті. Кешегі Арыстағы ағайындарға да 100 миллион теңге қаражат аударған осы азамат болатын. Байлардың бәрі жаман болмайды, – деп жазыпты Бекболат Қаржан.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript