Жаңалықтар тізбегі
0

Сән салонына барған алматылық бойжеткен бір өлімнен аман қалды

Алматы ТВ, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.07.2019 16:31 Алматы ТВ
25 жылдық еңбек өтілі бар дерматолог дәрігер Сәния Оспанова қынаның аллергия туғызатын әсері бар екенін, сондықтан бұлай бассыздық танытуға болмайтынын айтады. Өйткені Квинке аллергиясынан адам бір мезетте өліп те кетуі мүмкін екен.

Алматыда сән салонына барған қыз ауруханадан бір-ақ шықты. Сөйтіп екі апта бойына ем алған Зере Төреханнан ешкім кешірім сұрамаған, сән салоны да өз кінәсін мойындамаған, деп хабарлайды Zakon.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Қыз қынамен қасын жасатқан. Бірақ ертесінде оянып, айнаға қараған ол өз түрін танымай қалған. Беті жара басып, ісіп кеткен. Ол бірден салонға тартқан. Бірақ өз кезегінде салон қызметкерлері қызға еш көмектесе алмайтындарын айтыпты. Содан кейін еріксіз дәрігерге қаралуға тура келген.

"Дәрігер дерматит, Квинке ісігіне әкелетін аллергия деп диагноз қойды. Ал салондағылар кешірім де сұраған жоқ. Олар аллергияңыз бар екенін айтуыңыз керек еді дейді. Бірақ мен ескерттім оларды. Қынаны бірінші рет пайдаланып тұрмын деп", - дейді алматылық бойжеткен.

Қыз қаңтар айында зардап шеккен. Сот содан бері әлі жүріп жатыр. Қыздың адвокаты салондағылар кінәсін мойындамаса да қыздың дәрігерлік шығыны – 18 мың теңгені төлегенін айтады.

"Анита" сән салонының иесі сотта медициналық шығынды төледім, енді мен ешқандай ақша шығармаймын деп айтты. Алайда заңға сәйкес, зардап шегуші олардан материальдықпен қатар моральдық шығын өтеуді де талап етуге құқы бар", - дейді адвокат Индира Әлімжанова.

Ал сән салоны адвокатының айтуынша, косметолог тұтынушысынан қандай да бір препаратқа аллергиясы бар ма деп сұрауға қақысы жоқ, өйткені қына дәрілік затқа жатпайды.

Алайда дерматологтардың бұл реттегі пікірі басқалай. 25 жылдық еңбек өтілі бар дерматолог дәрігер Сәния Оспанова қынаның аллергия туғызатын әсері бар екенін, сондықтан бұлай бассыздық танытуға болмайтынын айтады. Өйткені Квинке аллергиясынан адам бір мезетте өліп те кетуі мүмкін екен.

"Сән салоны қызметкерлері тұтынушысының аллергиясы бар-жоғын тексеру керек. Кез келген бояу түрін пайдаланар алдында. Ал қынада химиялық қоспа бар. Оны қап-қара ету үшін бояу қосылады оған. Мұны олар жақсы біледі. Бірақ олар мұны артық іс көретін секілді. Онда істегендерін мойындарымен көтеруі керек. Бұл қызға алғашқы көмек көрсетілгенде жағдай бұлай өршімес еді", - дейді ол.

Сот бұл жолы да үкім шығарған жоқ, сот отырысы 24 шілдеге шегерілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: