Жаңалықтар тізбегі
0

Ресей мен Қытай аз ұлттарды жою жолында біраз жетістіктерге жетті

altyn-orda.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2019 21:14 altyn-orda.kz
Кеңес Үкіметі 1921 жылдағы, 1929-1933 жылдардағы қазақты ашаршылықтан қырып салды.

Отаршылдық саясат тәжірибесі әртүрлі болады, деп мәлімдейді қазақ саясаттанушысы Әзімбай Ғали.

Негізгі құрал – ассимиляциялық саясат.

Ең сәтті нәтиже Түрік Осман мемлекетінің саясаты. Соның нәтижесі қазіргі заман Түркия мемлекеті мен түрік ұлты. Ресей мемлекеті империя құрды – орыс ұлты саны финно-угр этностарының есесінен де еселеп өсті. Мордва, чуваш, сол сияқты еврей, татар есебінен ассимиляциялау байқалады. Кейін орекең өз санына көптеген украиндерді, немістерді, т.б. қосты. Ресей империясы қазақты жерінен ысырып, азайтуға тырысты. Кеңес Үкіметі 1921 жылдағы, 1929-1933 жылдардағы қазақты ашаршылықтан қырып салды. Келесі бөлігі орыс мектебінде орыстануы керек еді. Коммунистік Қытай ұйғыр мен қазақты түрлі айыптармен арнайы түзету лагерлерге қамап жатыр. Сонымен Патшалық Ресей де Кеңестік Ресей де, Қытай да аз ұлттарды жою жолында біраз жетістіктерге жетті, дейді ол.

Мәселен, манчжурлер саны азайып келеді деп оқығаным бар.

Ал ұйғыр мен қазақ ұлттық санасын сақтауда. Менің ойымша осы екі ұлт тіл жағынан қытайланады, аздап санасы мен менталдығы өзгеруі мүмкін, бірақ ұлттық санасын сақтап, кейін тез ұлтығын қалпына келтіреді. Кезінде Кеңестік КСРО-да қазақтың 30-50% орыс мектебінде оқыды. 1987 жылдан бастап қазақтар балаларын қазақ мектебіне көбірек беретін болды. Бүгінгі күні қазақ баласының тек 8% орыс мектебінде оқиды. Университеттерде орыс топтары азайып келеді. Әрине, біраз қазақ пен ұйғырдың қытайшасы ана тілінен жүйріктеу болады, бірақ осы екі ұлт Қытайдың өзінде құрымайды. Сонымен бірге, Қытай қазағына атамекенге қайту бас мақсат болу керек, деп жазады ғалым желіде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: