Жаңалықтар тізбегі
0

Мейрамбек Беспаевтың ата-анасы бос ыдыс жинап, судың келуін күтіп отыр

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2019 16:06 видеодан алынды
"Танымал әнші Мейрамбек Беспаевтың ата-анасы да осы ауылдың жұрты секілді бос ыдыс жинап, құбырдан судың аққанын аңдып, күтіп отыр" деген телеарна тілшісі ол үйге де бас сұққан.

Алматы облысы Қарасай ауданы Жаңатұрмыс ауылында тұратын танымал әнші Мейрамбек Беспаевтың әке-шешесі сусыз отыр, деп хабарлайды Zakon.kz 31 телеарнаның жаңалықтарына сілтеме жасап.

Ауызсудан тарыққан Жаңатұрмыс ауылына жеткен телеарна тілшілері халық зарын тыңдап, барлық жауапты тұлғалардан жауап алуға тырысқан.

- Ауызсу наурыз айынан бастап басты мәселемізге айналған. Содан бері әлі шешімін тапқан жоқ. Лай су келеді. Онда да тамшылап ағады да жоқ болып кетеді. Намаз оқимын. Дәрет алуға су жоқ, түсінесіз бе? Шәй қайнататын су жоқ, - дейді ашынған жаңатұрмыстық тұрғын.

"Танымал әнші Мейрамбек Беспаевтың ата-анасы да осы ауылдың жұрты секілді бос ыдыс жинап, құбырдан судың аққанын аңдып, күтіп отыр" деген телеарна тілшісі ол үйге де бас сұққан.

- Су жоқ. Балалар айтады 4 күн болмаған алдында деп. Міне, үйде жиналмайды, шашылып жатыр мынаның бәрі. Қалай жинайсың, су болмаса, - дейді Жібек Жолдасова шашылған пластмасса ыдыстарды көрсетіп.

Тұрғындардың айтуынша, үзіп-жұлып келетін кранға су осыдан екі күн бұрын ғана келіпті. Яғни, жаңатұрмыстықтар екі күн сусыз отыр.

"Күнде су беріліп тұр, 24 сағаттың 12 сағатында. Бірақ судың "давлениесі" жоғалып кетіп, содан су жетпей жатыр мұнда. Қатты ыстыққа байланысты су азайып жатыр, ал су тұтынатын елді-мекендер көбейіп жатыр", - дейді "Таусамалы" ММК басшысы Бауыржан Айнақұлов.

Әкімдік те жағдай тұрақты деп бәйек. Ал қаңсыған ыдыстарын көрсеткен ауыл тұрғындары бұл осы су мекемесіне қарасты Наурызбай ауданының да біраз бөлігіне тән құбылыс деп ашынады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: