Шымкентте кәсіпкерді өлтіргендер бейнетаспаға түсіп қалған
Әлеуметтік желіде шымкенттік кәсіпкерді атқандар түсіп қалған видео болуы мүмкін бейнежазба жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл видео Instagram-дағы rozysk_kz парақшасында жарияланды.
19 шілдеде Шымкентте тапа-тал түсе көшенің қақ ортасында ауқатты кәсіпкерді атып кеткен. Қылмыс Арай көшесінде болған.
Кәсіпкер Lexus көлігімен үйінің ауласынан шығады. Сол кезде үстінде коммуналдық жұмысшы киімін киген белгісіз бір адамдар оған жақындап келіп, оқ атқан. Мұның бәрін желідегі видеодан аңғаруға болады.
Көлікке аңшы мылтығынан оқ жаударылғаны анықталды. Қатты жараланған 55 жастағы ер адам ауруханада қайтыс болды.
"Қазір Шымкент қалалық полиция департаменті жергілікті тұрғынның өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Қылмыскерді ұстауға бағытталған барлық жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде"», - деді Шымкент ҚІІБ баспасөз хатшысы Әсел Сәденова.
Кәсіпкер құрылыс техникаларына сату және оны жалға беру арқылы табыс тапқан.