Қаза тапқан қорықшы І дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды
Ақорда
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.
Мемлекет басшысының мемлекеттік сыйлықтарды тағайындау туралы Жарлығы шықты, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы Нұртазинов Қаныш Серікұлын (марқұм) І дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттауды үкім етті.
Сондай-ақ ҚР - Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы Оспанов Самат Қошбергенұлын ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттауды тапсырды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript