Жаңалықтар тізбегі
0

Синоптиктер еліміздің басым бөлігінде жел тұрып, жаңбыр жаууын болжады

Ашық дереккөздерден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2019 15:34 Ашық дереккөздерден алынды
Республикамыздың тек оңтүстігінде жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады.

26 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы күтіледі, кейбір аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасап, Zakon.kz.

Республикамыздың тек оңтүстігінде жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады. Ал еліміздің басқа өңірлерінде екпінді жел тұрып, дауыл соғып, бұршақ жаууы, солтүстікте тұман түсуі күтіледі.

Атырау, Қарағанда, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Кей жерлерінде бұршақ жаууы мумкін.

Маңғыстау, Актөбе, күндіз Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерлерінде де қатты жел тұрады.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі. Павлодар облысының жекелеген аумағында тұман болжанады, бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз найзағай кезінде жел 18 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Түнде және таңетен тұман күтіледі.

Күндіз Алматы, Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі. Сондай-ақ Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Алматы, кей жерлерде Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: