Жаңалықтар тізбегі
0

Қаралы қауым Қаныш Нұртазиновты ақтық сапарға шығарып салды

тұрғындардан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2019 17:13 тұрғындардан алынды
Марқұм қорықшының артында бес баласы қалды.

26 шілдеде Қарағанды ​​облысы Ұлытау ауданының Қоскөл ауылында қаралуы қауым браконьерлердің қолынан қаза тапқан "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК инспекторы Қаныш Серікұлы Нұртазиновпен қоштасты, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаралы жиынға ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев пен Қарағанды ​​облысының әкімі Ерлан Қошанов қатысты. Олар қайтыс болған инспектордың отбасына шын жүректен қайғысына ортақтасып, көңіл айтып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындаған мемлекеттік награда - қызмет бабында ерен ерлігі мен жанқиярлығы үшін I дәрежелі "Айбын" орденін тапсырды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2019 17:13

Министр Қаныш Нұртазиновтің туыстарына Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оның жанұясы мен балаларына барлық қажетті көмектің көрсетілетінін баса айтты. Марқұм қорықшының артында бес баласы қалды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2019 17:13

Айта кетсек, алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қызмет бабында ерен ерлігі мен жанқиярлығы үшін қорықшы Қаныш Нұртазиновты (марқұм) және Самат Оспановты І және ІІ дәрежелі "Айбын" ордендерімен марапаттағаны жарияланған еді.

Қазіргі уақытта, Президенттің тапсырмасы бойынша ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басшылығымен браконьерлікпен күресу жөніндегі "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК-нің инспекторлар құрамы арнайы теориялық және практикалық жаттығулардан өтуі ұйымдастырылуда. Браконьерлермен тиімді күрес жүргізу үшін жаңа министрлік нақты заңнамалық өзгерістерді ұсынуда.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2019 17:13

Айта кетсек, 23 шілдеде Ақмола облысы Жарқайың ауданында табиғатты қорғау заңнамасын бұзғандардың алдын алу шарасын жүргізген инспекторлар киік ату фактісін анықтаған. Заң бұзушылардың ізіне түскенде Қостанай облысына тиесілі ақ түсті "Нива" маркалы автокөліктен (мемлекеттік нөмірі белгісіз) оқ атылып, екі инспектор жарақат алған. Салдарынан Қаныш Нұртазинов Державинск ауруханасына жетпей көз жұмды.

Министрліктің хабарлауынша, жарақат алған екінші инспектор Самат Оспановқа Державинск аудандық ауруханасында ота жасалған.

24 шілдеде жедел іздестіру кезінде Ақмола облысы полиция департаментінің полициясы аңшылық шаруашылық қызметкерлеріне шабуыл жасаған күдіктілерді қолға түсірді. Олар Арқалық қаласында тұратын әкелі-балалы азаматтар болып шықты. 45 жастағы әкесі мен оның 20 жастағы ұлы қылмыстық айғақтарды жою үшін автокөліктен құтылмақ болған. Алайда тәртіп сақшыларының бірлесіп әрекет етуінің арқасында күдіктінің екеуі де Қостанай облысының аумағында ұсталды.

Бұл қайғылы оқиға фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі, яғни «Кісі өлтіру» бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: