Тоқаев Тунис президентінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2019 18:03 Сурет: zakon.kz
Ас-Себси өз өмірін Тунис халқының игілігіне, әрбір отандасының мүддесін қорғауға арнады.

ҚР Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тунис Президенті Беджи Каид Ас-Себсидің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz Президенттің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Тунис Президенті Беджи Каид Ас-Себсидің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

"Президент Ас-Себси өз өмірін Тунис халқының игілігіне, әрбір отандасының мүддесін қорғауға арнады. Қазақстан халқы Беджи Ас-Себсиді парасатты басшы, беделді саясаткер, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға орасан зор еңбек сіңірген тұлға ретінде әрдайым есінде сақтайтын болады", – делінген жеделхатта.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: